Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов ауруханалардың бас дәрігерлерімен, Денсаулық сақтау басқармасы мен Семей медициналық университетінің мамандарымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Кеңес барысында ШҚО клиникаларында жоғары технологиялық медициналық процестерді енгізу мүмкіндігін талқылады.
Аймақ басшысы осы ретте университет ректораты үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта біз денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында жоғары технологиялық медициналық операциялардың қосымша 38 түрін өткізе аламыз. Бірінші кезекте бұл трансплантология, қазір облыста ағзаларды ауыстырып салуға кезекте 266 адам тұр, оның ішінде 244-і бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Жаңа технологиялардың арқасында біз мұндай операцияларды өзімізде жүргізе аламыз, яғни адамдарға шетелге шығудың қажеті жоқ, - дейді облыс әкімі.
Нейрохирургияда жоғары медициналық процедуралардың қосымша 7 түрін енгізу мүмкіндігі бар екені айтылды. Атап айтқанда, бұл омыртқа операцияларына қатысты. Операциялардың жаңа түрлерін балалар кардиохирургтары мен онкологтары игермек.
Өңірде гематология орталығының құрылысы жүріп жатыр, оның базасында зертхана жұмыс істейді, онда ғалымдар мен студенттер өз зерттеулерін жүргізе алады. Ал, Гинекологияда біз ЭКҰ операцияларының санын арттыруды жоспарлап отырмыз, соңғы жылдары олардың саны 10-нан 800-ге дейін өсті (бұл тек квоталар бойынша). Сондай-ақ, ортопедияда, травматологияда, оториноларингологияда пайдаланылатын болады, - деп түсіндірді аймақ басшысы.
Бұл облыстың медицина саласын дамытудың жаңа кезеңіне шығаруға мүмкіндік береді. Даниал Ахметов осы орайда жол картасын әзірлеуді тапсырды, онда процестердің қандай ауруханаларда енгізілетіні, қосымша қандай жабдық сатып алу қажет екені және дәрігерлердің қайсысы үздік әлемдік клиникаларға оқуға баратыны нақты жазылады.