Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық өнерге қатысты «Қазақстан, «Хабар» арнасында шағын хабарлар ғана бар, қалғаның барлығы шоу-бағдарламалар. Бұл туралы әнші Рамазан Стамғазиев «Домбыра» телеарнасының іске қосылғандығы туралы брифингте айтты.
Оның айтуынша, еліміз Тәуелсіздік алғалы ұлттық дәстүрлі орындаушылар жағын дәріптеу кенжелеп қалған. Себебі үкіметі басындағы идеология дұрыс жолға қойылмаған.
«Қазірдің өзінде ұлттық өнерге қатысты "Қазақстан", «Хабар» арнасында шағын хабарлар ғана бар, қалғаның барлығы шоу-бағдарламалар. Болашақ жастарды тәрбиелеу үшін 24 сағат қобызымыз бен домбыра, халық әндері, бұрынғы композитрлер мен қазіргілері туралы хабарлар таратылу керек. Қазіргі балардың көбі оларды біле бермейді. Сол үшін осындай телеарна ашылу керек», - дейді ол.
Сонымен қатар ол, елде көптеген байқаулар, концерттер өтетінін, алайда олардың барлығы халыққа жетпей жататынын айтады.
«Бұл арнаның ашылғанын қос қолдап қолдаймыз. Қазақтың домбырасын қолына алып жыр айтып жүрген жыраулар, әншілер, дастан айтып жүрген адамдардың барлығын дәріптеу үшін осындай телеарна керек. Ел болғанна кейін оның ұлттық құндылықтары жоғары тұруы керек. Елбасының өзі мақалаларында ұлттық код жайлы айтып жүр. Сондықтан осындай мәсенің қолға алынып жатқаны құптарлық жағдай», - дейді Р. Стамғазиев.