Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға жолдама алды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дордрехте (Нидерланды) шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

 6 Наурыз 2021 2021, 07:47
6 Наурыз 2021 2021, 07:47
1849

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дордрехте (Нидерланды) шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлемдік біріншіліктің алғашқы күнінде әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша ширек финалдық сайыстар өтті. Аталған бәсекеде қазақстандық Мадина Жанбосынова 2:35.856 көрсеткішімен өз тобында үшінші болды. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша жартылай финал мен финалдық бәсекелер 6 қазан күні өтеді.



Наверх