Шорт-трек: ел құрамасы әлем біріншілігінің В финалдық жарысында

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының В финалдық жарысында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 17 Наурыз 2025 2025, 05:44
17 Наурыз 2025 2025, 05:44
1037
Фото: olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының В финалдық жарысында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, бұл бағдарламада Қазақстан және Түркия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркия құрамасы бірінші орын, ал қазақстандықтар екінші орынды иеленді.

Медальдар А финалында сарапқа салынады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

Наверх