Шомылу маусымы. Павлодар облысында қанша жағажай іске қосылады

13 Мамыр 2024, 15:04
320
Бөлісу:
Шомылу маусымы. Павлодар облысында қанша жағажай іске қосылады
Фото: автордан

Ертіс өңірінде шомылу маусымына дайындық қызу. Биылғы жазғы кезеңде облыс аумағында 47 қауіпсіз жағажай іске қосылмақ. Олардың 20-сы коммуналдық, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысының ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбайдың айтуынша, шомылу маусымында тұрғындардың судағы қауіпсіздігін сақтау шараларына 93 млн теңге бөлінеді.

Судағы қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Жергілікті биліктің тапсырысы бойынша облыс аумағындағы акваторияның түбін тексеру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, «Бақытты балалық» шақ балалар қауіпсіздігі мектебі жұмысын жалғастырады. Мамандар жеткіншектерге суда жүзу ережелерін таныстырып, жүзу әдістері үйретеді. Кешенді жоспар шеңберінде облыста 122  каркасты бассейн ашылатын болады. Олар әр мектепте орнатылады, - дейді ол.

Өңірдің өзендері мен көлдерінде шомылуға тыйым салынған 200-ге жуық орын бар. Олардың 50-ге жуығы туралы ақпаратты «2ГИС» мобильді қосымшасынан табуға болады.

Шомылу маусымына дайындық аясында жуық арада құтқарушыларды даярлау шарасы басталады. Өткен жылы 200-жуық ерікті құтқарушы қауіпсіздік шараларына жұмылдырылған. Олардың саны жыл сайын артып отырады.

Өткен жылы орталық жағажайда судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуды анықтауға арналған замануаи камерелер орнатылған. Жұмыс нәтижесін беріп, бір айда 50-ден астам бұзушылық анықталды. Кейін біз жаңашыл технологияеың жұмысын жалғастығуға өтініш бердік. Алайда, жұмыс тоқтап тұр. Биыл іске қосыла ма, жоқ па, әзірге белгісіз, - дейді Темірлан Жапалбай.

Биыл шомылу маусымы басталмай жатып бір адам батып кетті. 

Өзгелердің жаңалығы