Атырау облысында жаз мезілінде суға шомылатын 46 жағажай белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, былтыр 7 бала суға кеткен. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі есе өскен.
Атырау қаласында 3, Индер ауданында 1 жағажай ғана бар. Өзге аудандарда бірде бір жағажай жоқ. Бұл мәселе үш жақты комиссия отырысында қаралды. Нәтижесінде Атырау облысында 46 жағажай белгіленді. Мәселені оң шешудің жалғыз жолы – жағажайларды жеке кәсіпкерлерге жалға беру. Бізге коммуналдық жағажайлар ашу қажет. Жағажайларда құтқару бекеті мен қоғамдық құтқарушылар болуға тиіс. Қоғамдық құтқарушыларды жедел штаб жасағы тегін оқытып, сертификат беруге дайын, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат Ержанов.
Әкімнің пікірінше, балалар қауіпсіздігі – өте маңызды мәселен. Бұл мәселені оң шешу үшін нақты ұсыныстар жасау қажет.