ШОБ саласында кәсіпкерлік саны артқан – Жақсылықов

24 Тамыз 2021, 17:23
1798
Бөлісу:
ШОБ саласында кәсіпкерлік саны артқан – Жақсылықов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша ШОБ саласында кәсіпкерлік пен жұмыс істейтіндер қатары артты. Әрине, бұл барлық салада емес. Кейбір салада кәсіпкерліктер жабылып, банкротқа да ұшырады. Қазір қанша бизнес нысаны жабылғаны туралы нақты статистика жоқ. Қазір есеп жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Жақсылықов атап өткендей, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық кеңсе шеңберінде бизнес мәселелері тұрақты негізде талқыланатынын айтты.
Күрделі эпидемиологиялық жағдайда бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі Ashyq қосымшасын кеңінен пайдалану болып табылады.Жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары кәсіпкерлердің Аshyq қосымшасын енгізу және дұрыс пайдалану жұмысын жандандыруда.Қазіргі уақытта бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен пайда алу және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл жерде кәсіпкерлердің аталған мәселеге түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі қажет.
Аshyq-ты пайдалануда бизнестің адал ниеті мен жауапкершілігі маңызды. Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнес ахуалына мониторинг жүргізу және тиісті қолдау көрсету жұмысын жалғастырады деп сендіргім келеді, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, вице-министр бөлшек салықтың арнайы режимі туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы