ШОБ қайта қаржыландырылады – министр

3 Тамыз 2021, 09:51
4358
Бөлісу:
ШОБ қайта қаржыландырылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

Пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезінде ШОБ-ты қолдау өзекті мәселе болып отыр. Биыл Ұлттық банктің айналым капиталын толықтыру бойынша кредит беру бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша ШОБ-қа несие беру жалғасып жатыр, - деді Ерғалиев.

Министр атағандай, несие бойынша жылдық мөлшерлеме 6 пайызды құрады.

 

Несие сомасы да ұлғайтылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді несие беру іске қосылды. Биылдың жартысында 1 трлн теңгеден астам сомаға 31 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландырылды, - деді ол.

Ерғалиев экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерліктерді қолдау үшін ШОБ-тың қайта қаржыландырылатынын айтты.

Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтіліп, субсидиялау мерзімі 3 айға ұзартылды. Осы шараға 18,4 млрд теңге бөлінді. Биылғы шілдеде «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жаңа бизнес жобаларын субсидиялауға бюджеттен қосымша 13,2 млрд теңге бөлінді. Екі бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 182 млрд теңгені құрап отыр, - деді министр.

 

 

Өзгелердің жаңалығы