Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тұрғыны ГЭС-те орнатылған жарылғыш құрылғы туралы сәтсіз әзілі үшін сотталды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Рождество мерекесі қарсаңында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына жүгініп, оның танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатқанын хабарлаған болатын.
Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдар объектіге шығып, ГЭС аумағын тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шықты. Мамандар жарылғыш зат таппады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында екі ер адамның ішімдік ішкені анықталды, содан кейін олардың арасында ауызша жанжал болды. Ер адамдардың бірінде қылмыстық ниет пайда болды. Мас ер адам бұл әрекеттің барлық жауапкершілігін түсінбей, жалған ақпаратпен құқық қорғау органдарына жүгінді. 2021 жылғы 16 наурызда Глубокое аудандық соты 55 жастағы ер адамды ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі биыл 31 наурызда заңды күшіне енді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.