Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан тұрғыны полицияға Ұлы Отан соғысы кезінде пайдаланылған тапаншаны тапсырды. Бұл туралы ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың 23 сәуірінде Алтай ауданының полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер жүгінді, ол акция аясында магазинінде үш патроны бар кобурасымен қоса ойық қысқа ұңғылы тапаншаны тапсырды.
Сот-баллистикалық сараптама нәтижесі бойынша бұл қару 1900 жылы дайындалған, 7,65 мм калибрлі, зауыттық нөмірі «166710», яғни «Браунинг» жүйесіне жататын ойық атыс қаруы және өздігінен оқталатын тапанша болып табылады. Қару зауыттық әдіспен жасалған және ату үшін жарамды.
Айта кетсек, қару Ұлы Отан соғысы кезінде АҚШ пен Бельгия армиясының қолында болған. Аудан тұрғыны қару-жарақты ҰОС қатысушысы болған атасының жертөлесінен тапқанын түсіндірді. Оқ-дәрілері бар атыс қаруы ШҚО Полиция департаментінің мұражайына тарихи құндылық ретінде беріледі.
Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы ер адамға қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша үш күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша халықтан 7 млн теңгеге 110 бірлік қару (ойық – 15 және тегіс ұңғылы - 95) қабылданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап, ШҚО аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде. Біздің аймақтың кез келген ересек тұрғыны оқ-дәрілерді немесе қару-жарақтарды тапсырып, сол үшін ақшалай сыйақы ала алады. Сонымен қатар тіркелмеген қаруды полиция бөліміне әкелген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында бұл акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде.