Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ТЖД хабарлауынша, Алғабас ауылында желдің қатты болғаны соншалық Мәдениет үйінің шатыры жұлынып кеткен.
2020 жылы 28 қазанда сағат 12:00 шамасында Күршім ауданы Алғабас ауылында жылдамдығы 19 м/с жеткен қатты дауылдың салдарынан Мәдениет үйінің көлемі 70 ш.м. болатын шатыры мен қабырға сыртындағы әрлеуі жұлынып кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар комиссиясы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД елді мекен тұрғындарын қатты жел соғатыны туралы алдын ала хабарлаған.
Құтқарушылар ағаш, электрөткізгіш сымдар, қараусыз жатқан мекемелер мен ескі ғимараттарға жақындамауды және барынша абай болуды сұрайды.
Төтенше жағдай орнаған кезде 112 нөмірі арқылы тиісті қызметке хабарласуыңызға болады.