Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 сәуірде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмыстарын қайта бастау нәтижесінде Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында 1981 жылы туған суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тапты.
Іздеу қайықтың көмегімен жүргізілді, қайтыс болған балықшының денесі оқиға орнынан 30 шақырым жерде табылды. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қарашасында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған. Құтқарушылар 26 күн ішінде 6-дан 9 метрге дейінгі тереңдікте 145 сүңгуірлік түсуді жүзеге асырды. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16,291 шаршы шақырымнан асты, бірақ іздеу нәтиже бермеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
1990 жылы туған екінші балықшыны іздеу жұмыстары жалғасады.