Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Облыстың жолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды құтқарып, ішінде 5 бала бар және 63 көлікті сүйреп шығарды.
Өңірдегі 5 бағыттағы жол жабық: Алматы-Өскемен (967-1048 км, Қалбатау-Ұлан бұр), Семей-Қарауыл (4-182км), Бақыршық-Борсақ (0-18 км), Борсақ а. жолы (0-11 км). Алматы-Өскемен (778-967 Аягөз-Қалбатау) жолында жүк және жолаушылар көлігіне қозғалыс шектелген. ШҚО ТЖД құтқарушылары күні мен түні бойы Семей, Жарма, Күршім, Үржар, Тарбағатай, Зайсан және Көкпекті аудандарының әкімшілік аумақтарында авариялық құтқару жұмыстарын жүргізді, онда құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен қпр құрсауында қалған адамдарды эвакуациялап, техниканы сүйреп шығарды.
ШҚО ТЖД-дағы жедел штаб облыстағы жағдайға мониторинг жүргізуде.
ШҚО ТЖД тұрғындарға құтқарушылардың кеңесіне немқұрайлы қарамай және дауылдық ескерту кезінде жолға шықпауды сұрайды. Жолдардың жағдайы туралы Дармен ұялы қосымшасы арқылы біле аласыз.
Төтенше жағдай кезінде дереу 112-ге қоңырау соғыңыз.