Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ktk.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 25 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді.
72 жастағы «Honda accord» автокөлігінің жүргізушісі Новопокровка ауылынан Семейге қарай бара жатып, алдындағы көліктерді озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде ол «УАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысты, – деп хабарлады ведомство өкілдері.