Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының учаскелік полицейлері жыл басынан бері 1 800 қылмысты ашқан.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Сондай-ақ инспекторлар 2020 жылы 91 мың әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 112 мың арызды қараған.
Учаскелік полиция инспекторы – алыс елді мекендердегі бірден-бір ішкі істер органының өкілі. Ол құқықтанудың қыр-сырын, жедел тергеудің егжей-тегжейін, сот-медициналық жұмыстардың жай-жапсарын білуі керек. Сондықтан учаскелік полиция қызметкерінің беделі де, оған жүктелетін жауапкершілік те жоғары, – деп мәлімдеді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.