Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туристер Қоңыр Әулие үңгіріне жол тартып бара жатқан, деп хабарлады altaynews.
Шығыс Қазақстан облысында туристер мінген автобус батпаққа батып қалды.
Қоңыр әулие үңгіріне бет алған автобуста 40 жолаушы болған.
Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде саяхатшылардың көлігі батпаққа батып қалған. Оларға құтқарушылар көмекке келді.
Облыстық ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, туристерді жолға салуға жергілікті әкімдіктің қызметкерлері де қол ұшын берген.