ШҚО-да су тасқынының алдын алу үшін тікұшақпен мониторинг жүргізілді

3 Сәуір 2021, 05:21
1020
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқынының алдын алу үшін тікұшақпен мониторинг жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мамандар тікұшақпен су тасқыны жағдайына байланысты мониторинг жүргізді.

Облыстық ТЖД департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мониторинг жүргізу мақсатында өңір аумағындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерге бақылау жүргізілген.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы және «Қазгидромет» РМК мамандары қатысқан. Аэровизуалды бақылау Өскемен-Глубокое ауданы-Алтай ауданы-Катонқарағай ауданы-Өскемен бағыты бойынша жүргізілді.

Мониторинг барысында Бұқтырма, Красноярка, Глубочанка өзендерінің арналары қаралды. Аэровизуалды зерттеулер тұрақты гидрологиялық жағдайды көрсетеді. Өзендердегі су деңгейі қауіпті шектен төмен, – дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Мамандардың аутуынша, облыс аумағында қар еритін кезең басталды. Өңірдің қар басқан ауданы соңғы 2 аптада 97%-дан 55%-ға дейін азайды. Жер тоңының жоғары қабатының еруі байқалады. 

Сонымен қатар жер тоңының бір метрден астам қатуы облыстың 6 ауданында: Күршім, Катонқарағай, Бесқарағай, Зайсан, Алтай және Бородулиха аудандарында сақталған.

Облыстың жазық аумағындағы қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында 75 см. Су тасқыны болған жағдайда қалалар мен аудандардың әкімдіктері 109,6 мың дана ыдыс-қап, 15,5 мың тонна инертті материал, 532 тонна ЖЖМ дайындаған.


Өзгелердің жаңалығы