ШҚО-да өзен суы 73 см көтерілген

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн жылынуына байланысты Ұлан ауданындағы Аблакетка өзенінің су деңгейі бір тәулікте 73 см-ге көтерілген. Бұл туралы ШҚО ТЖ баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 26 Наурыз 2021 2021, 00:38
26 Наурыз 2021 2021, 00:38
1684

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн жылынуына байланысты Ұлан ауданындағы Аблакетка өзенінің су деңгейі бір тәулікте 73 см-ге көтерілген. Бұл туралы ШҚО ТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиналған су Өскемендегі «Солнечная долина» саяжайындағы аумақ пен үйлерді басты.

Саяжай қоғамында 226 бақша учаскесі бар. Оның 31-ін су басты. Бұл үйлерде ешкім тұрмайды. Саяжай аумағында екі үйдің ғана тұрғыны бар. Алайда олардың үйлеріне қауіп жоқ, – деп хабарлайды ШҚО ТЖ баспасөз қызметі. 

Отбасылардың бірі уақытша тұрғылықты орнын ауыстырды. Екінші үй иелері эвакуациядан бас тартқан. ШҚО ТЖД мен қала әкімдігінің мамандары жағдайды бақылауда.


Наверх