Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай ауданында бүгінгі күні Бұқтырма өзеніндегі мұз жабынын қопсыту, ұсақтау және әлсірету бойынша жарылыс жұмыстарымен ұзындығы 1350 метр болатын 16 308 шаршы метр жер қамтылды.
1 054, 5 кг жарылғыш зат қолданылды. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД қызметкерлері және мұз кептелісін болдырмау және өзен деңгейін көтеру мақсатында ұзақ уақыт бойы жарылыс жұмыстарымен кәсіби түрде айналысатын мамандандырылған ұйым жүргізді. Өңірде барлық 19 кептеліс қаупі бар учаске пысықталды, жалпы көлемі 181 399, 7 ш. м. құрады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.