Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін шығысқазақстандық құтқарушылар үшінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Таңертең ерте 101 қызметіне ШҚО, Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылында орналасқан үйдің үшінші қабатының терезесінде әйел тұрғаны туралы қоңырау түсті, - делінген хабарламада.Құтқарушылар оқиға орнына жедел келгенде әйел балконға ілініп, құлауға аз-ақ қалған.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкері Шыңғыс Смағұлов 4 қабаттан құтқару арқанымен балконға түсіп, соңғы сәтте әйелді ұстап қалды. Оны ақырын төмен түсірді. Шыңғыс әрекет етіп жатқанда, оны құтқарушылар мен полиция қызметкерлері төменнен кенепті созып, сақтандырып тұрды, - дейді ТЖД.1981 жылы туған әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.