Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері үшін жаңа 7 жатахана салынады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының VII кезекті сессиясында есеп берген аймақ әкімі Даниал Ахметов білім беру саласындағы жаңа нысандардың құрылысы туралы хабарлады.
Оның айтуынша, биыл ШҚО-да үш жаңа мектеп салынып жатыр, оның екеуі Семей қаласында. Нысандарды жобалау кезінде оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жаңа мектептерде бейнемониторинг, оқушылардың кіріп-шыққанын бақылайтын жүйелер орнатылады.
Облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласында 7 жатақхана және студенттерді тәжірибеден өткізетін 10 орталық салынып жатыр.
Бұл колледждер мен кәсіпорындарды байланыстыратын орталық. Яғни, студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелерін де жетілдіріп, еңбекпен шыңдалады. Олар оқуды аяқтағаннан кейін бірден кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алатын болады, - деді Ахметов.