ШҚО-да қар жылдам еріп жатыр

13 Сәуір 2021, 08:44
1522
Бөлісу:
ШҚО-да қар жылдам еріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қар жылдам еріп жатыр. Өзен-көлдер арнасына тәуліктік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Хабар24. 

Глубокое ауданындағы Красноярка және Глубочанка өзендері кемеріне толды. Сондықтан ауданда қауіп күшейді. Қатон-Қарағай, Бесқарағай, Алтай аудандары да сақтыққа аса мән беріліп отыр. 

Облыста су тасқынына қарсы 2500 бірлік техника дайындалған. Қызыл су лап қойса жұрт паналайтын 106 эвакуациялық пункт те бар. Алтай қаласындағы бір мектеп осы мақсатқа жабдықталды. Екі спорт залға 80 адам орналастыруға болады. Жергілікті кәсіпкерлер де қажет болған жағдайда ыстық тамақ, керек-жарақпен қамтамасыз етуге ниетті.  

 Бұл эвакуциялық пунктте тіпті ана мен балаға арналған бөлме де бар. Екі медициналық кабинет те жабдықталды. Сондай-ақ кез келген уақытта бір демде 120 адам тамақтана алатын асхана және психолог бөлмесі де қарастырылған, –  дейді  Алтай қаласы №11 мектеп директоры Людмила Скрипник.


Өзгелердің жаңалығы