Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 16-20 қараша аралығында «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасын жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары есірткі және психотроптық заттарды сатушыларды ұстауға күш салған. Сөйтіп Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Көкпекті ауданындағы бірнеше мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Семей қаласындағы дәріханалардың бірі фармацевт құрамында кодеині бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатқан. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына қайшы. Сондай-ақ Семейдегі мекеме басшыларының бірі қызметкерлеріне лицензиясының мерзімі өткен прекурсорларды сатқызған. Оған 400 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.
Полиция қызметкерлері бес күн ішінде 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықтады.