ШҚО-да екі ауданның ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

6 Желтоқсан 2020, 19:44
1865
Бөлісу:
ШҚО-да екі ауданның ауруханасы күрделі жөндеуден өтті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Altaynews.kz порталының мәліметіне қарағанда, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Күршім аудандық орталық ауруханасы мен Марқакөл ауылдық ауруханасының ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ, Күршім ауданының перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 43 бірлік жабдық сатып алынды. Бұл ретте аудандық аурухананың мамандары үшін жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігі де қарастырылған, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Марқакөл ауылдық ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы