Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары рейстік шағын автобустың жолаушыларына көмектесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде Аягөз қаласынан 305 шақырым жердегі «Алматы-Өскемен» тасжолының 805-шақырымында келе жатқан шағын автобус сынып қалған.
Рейстік «Газельде» 14 жолаушы болды. Олар бірден «112» қызметіне хабарласқан.
Оқиға орнына келіп жеткен №22 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жолаушыларды Аягөз қаласына жеткізіп, жергілікті спорт мектебіне орналастырды. Ал шағын автобус Аягөзге арнайы техникамен сүйреп апарылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.