ШҚО-да 3 мыңнан астам адамға вакцина егілді

20 Наурыз 2021, 00:47
1534
Бөлісу:
ШҚО-да 3 мыңнан астам адамға вакцина егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина егудің екінші кезеңі жүргізілуде. Вакцинацияның екінші кезеңі 4 наурызда басталған. Қазіргі уақытта 3114 адамға вакцина егілді. Бұл туралы altaynews.kz жазды.

Дәрігерлерден кейін құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер мен журналистер егіледі.

Бүгінгі таңда өңірге 10 мыңнан астам доза жеткізілген. 1 сәуірге дейін тағы 11 200 доза сатып алу жоспарланып отыр. 

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, тәулігіне вирус жұқтыру жағдайлары 20-дан аспайды. Жалпы пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 22 мыңнан астам адам СOVID-19 инфекциясына шалдыққан. 

Орынбасарым Шәкәрім Бұқтұғұтовқа он күн ішінде толықтай вакцинацияға дайындық туралы, термоконтейнерлер мен мұздатқыштардың саны жайлы есеп беруді тапсырамын. Сондай-ақ жағдайды талдап, күзде тұмауға қарсы қанша вакцина сатып алу керектігін анықтау қажет, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, иммундық плазманы дұрыс сақтауды қамтамасыз ету үшін Өскемен мен Семей қалаларындағы екі қан орталығына 20 мұздатқыш алынған.


Өзгелердің жаңалығы