ШҚО-да 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр

27 Ақпан 2021, 07:41
1826
Бөлісу:
ШҚО-да 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да қуаттылығы жылына 19 мың тонна болатын 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов есептік жиынында айтты.

 Өз кезегінде мал шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын ұлғайтуға ынталандырады.

ШҚО-да қуаттылығы жылына 19 мың тонна болатын 2 ет өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүргізілуде және 7 мың ірі қара мал басына арналған 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. 

«Эмиль» ЖШС өндірісті жылына 45-тен 90 мың тоннаға дейін кеңейту бойынша жобаны іске асыруға кірісті. Сондай-ақ Өскемен құс фабрикасы жылына дайын өнімді шығару көлемін 22-ден 55 мың тоннаға дейін ұлғайтады, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов жыл сайынғы тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде.

Өзгелердің жаңалығы