Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қыркүйек айынан бері 160-тан астам оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Департаменттің ақпараты бойынша, оқу жылының басталғалы 42 мектеп карантин режиміне ауыстырылды.
1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында мектеп жасындағы 163 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, – деп мәлімдеді департамент.
Инфекция белгісі кезекші сыныптың 70 оқушысынан және қашықтықтан оқитын 93 оқушыдан анықталды. Сондай-ақ осы кезеңде 44 мұғалім ауру жұқтырған анықталған.