Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында оқу жылының басынан бері 1037 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ауру жұқтырған балалардың 93,5%-ы сауығып, оқуын жалғастырып жатыр.
Облыс бойынша кезекші сыныптардың 217 оқушысы және қашықтықтан білім алып жатқан 820 оқушы инфекция жұқтырған. 18 қаңтардағы жағдай бойынша 970 бала емделіп шықты, – деп мәлімдеді департамент.