Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы - 100982 теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы шілдеге қарағанда 6,9% жоғары, аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 1,4% өсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда,2019 жылғы шілдеде халықтың атаулы ақшалай табысының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамудан түскен табыс - 71,9%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс - 10,7%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар – 16,7% және өзге де ақшалай табыстар 0,7% құраған.