Ұлттық статистика бюросы шілде айында елімізде қанша баспана сатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен шілде айында баспананы сату-сатып алу бойынша 34 225 мәміле жасалған. Оның ішінде 8 781-сі жеке үйлер, 25 444-і пәтерлер бойынша.
2023 жылдың маусым айымен салыстырғанда (29 880) тұрғын үйді сату-сатып алу 14,5% артқан.
Баспана нарығындағы сауда-саттық бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
- Астана қаласы (6 675 – 19,5%),
- Алматы қаласы (5 217 – 15,2%),
- Қарағанды облысы (3 118 – 9,1%)
Сату-сатып алу келісімдері ең аз жасалған өңір:
- Ұлытау облысы (425 – 1,2%).
Шілдеде 1 бөлмелі пәтерлер жоғары сұранысқа ие болған. Барлығы 25 444 мәміленің 9 779-ы осындай үйлер бойынша жасалды. Сауданың негізгі үлесі Астана (25,8%), Алматы (18,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (10%) тиесілі.
Сондай-ақ өткен айда маусым айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлерге сұраныс 11,3% артып, 8 781 келісім жасалған. Оң көрсеткіш еліміздің барлық өңірінде байқалды.
Жалпы биылғы шілдеде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сатып алу 12,6% артқан. Ол кезде 30 393 мәміле жасалған болатын. Ең жоғарым өсім көрсеткіші Астана қаласында (52%-ға) тіркелді.