Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМК-ның болжамы бойынша шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгереді. Батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады.
Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады.
Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.
Екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан+20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқиды.