Полиция Қызылорда облысында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы жылы 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, - деді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.