Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

9 Сәуір 2020, 10:17
2709
Бөлісу:
Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 7 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың бесеуі Шиелі ауданында, біреуі Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелді. Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған  адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 09.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 92 адам анықталды: Қызылорда қаласында – 10, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 4, Шиелі ауданында – 52, Сырдария ауданында – 8, Арал ауданында - 2.

Өзгелердің жаңалығы