Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Киев қаласында шұғыл көмек шақырту батырмалары орнатылып, қала тұрғындары Наталка саябағындағы батырмаларды іс жүзінде сынақтан өткізіп көрді.
Korrespondent.net деректеріне сәйкес, олардың көмегімен Киевтің әр тұрғыны болған жайтты немесе жасалған қылмыс туралы хабарлай алады.
КГГА баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш батырмалар маусым айынан бастап туристтік маршруттарда және көпшілік көп жиналатын орындарда орнатыла бастады. Олардың көмегімен әрбір адам жасалған қылмыс туралы шұғыл хабар бере алады. Батырмалар арнайы камералармен жасақталған. Бұл жерде түсірілген видеоны Киев қаласының ситуациялық орталықтары да бақылып отырады.
Қазіргі кезде Киевте 6 батырма орнатылды. Шақыртуды Ұлттық полиция операторлары қабылдайды. Сонымен қатар, олар шақыртуды қай жаққа бағыттау керектігін шешеді: полицейлерге, жедел жәрдемге, құтқарушыларға немесе коммуналдық қызметтерге.
"Арнайы функциясының көмегімен батырмалар шұғыл жағдайларда шақырту батырмасын баспай-ақ төтенше жағдайды анықтай алады. Бейнебақылау және дыбысты жазу тәулік бойы жүргізіледі. Сол себепті төтенше жағдайлар болған жағдайда батырма басылмаса да, операторлар оны байқап, тиісті іс-әрекетке көше алады. Болашақта батырма қызметіндегі smart-технологияларды жетілдіреміз. Алдағы уақытта батырмалар шақыртуларға ғана емес, жарылыстың дыбысы сияқты әртүрлі дыбыстарға да анықтайтын болады», - деп атап өтті батырмаларды орнатуға жауапты ведомство.