Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелдік студенттер Трамптың визалық шешіміне қарсы АҚШ соттарына шағым түсіруде

17 Сәуір 2025, 04:37
707
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

АҚШ-та шетелдік студенттер елде қалу құқығынан айырылып, депортация қаупі туындағаннан кейін, Дональд Трамп әкімшілігінің визалық шешіміне қарсы бірнеше сот ісін қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Материалда Массачусетс, Монтана, Пенсильвания, Висконсин және Вашингтон (Колумбия округі) штаттарының судьялары иммиграциялық органдардың студенттерге қатысты әрекеттерін уақытша тоқтату туралы бұйрық шығарғаны айтылады.

CNN деректеріне сүйенсек, соңғы уақытта АҚШ университеттеріндегі 600-ден астам шетелдік студент, оқытушы және зерттеуші визаларынан айырылған.

Сол күні Канаданың университет оқытушылары қауымдастығы (CAUT) өз ғалымдарына АҚШ-қа баруды қажетсіз жағдайда шектеуге кеңес берді. Ұйым АҚШ-пен саяси қайшылықтағы елдерден келген, әкімшіліктің саясатына қарсы пікір білдірген немесе зерттеу тақырыптары АҚШ үкіметінің ұстанымына қайшы саналуы мүмкін ғалымдар мен туған кездегі жынысы құжатта өзгертілген тұлғаларға ерекше сақ болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы