Шетелдік сарапшылар парламенттік сайлауға қызығушылық танытып жатыр

5 Қаңтар 2021, 10:08
1512
Бөлісу:
Шетелдік сарапшылар парламенттік сайлауға қызығушылық танытып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның елшіліктері дауыс беру күні жақындаған сайын шетелдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстанның Италиядағы елшісі Сергей Нұртаев қатысқан  онлайн брифинг барысында жергілікті масс-медиа өкілдеріне елде өтіп жатқан демократиялық үдерістер, парламенттегі әйелдер мен жастардың өкілдігін арттыру құралдары, дауыс беру рәсімінің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы туралы хабардар етілді, - делінген хабарламада.

Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай аталған елде уақытша жүрген Қазақстан азаматтары дауыс бере алатын дипломатиялық өкілдік аумағындағы сайлау учаскесінің жұмысына дайындық туралы хабарлады.

сап88.jpeg

Брифинг барысында Мәжілістің жаңартылған құрамы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын құқықтық сүйемелдеуді жетілдіруді жалғастыратыны, ал алдағы сайлау Қазақстанның мемлекеттің саяси институттарын одан әрі жаңғыртуға бейілділігінің айқын айғағы болатыны айтылды.

Брифинг барысында Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ақан Рахметуллин жергілікті БАҚ-тың, ғылыми және білім беру орталарының назарын елде жүргізіліп жатқан, оның қарышты дамуына бағытталған институционалдық өзгерістерге аударды. 

Іс-шараға қатысушылар, соның ішінде беделді Пәкістан университеттерінің профессорлары, сайлау қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдай туралы өз ойларын ортаға салып, атап айтқанда, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды үлесін және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік және жаһандық халықаралық процестердің белсенді қатысушысы ретіндегі Қазақстанның рөлін нығайту жөніндегі күш-жігерін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы