Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелдік қонақ Қазақстандағы қызмет көрсету деңгейіне таңқалды

Самал КӨШЕРБЕКҚЫЗЫ
28 Наурыз 2025, 19:43
12033
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Желіде тараған видеода шетелдік азамат елдегі сервис жайлы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол елордадағы люкс санатындағы қонақүйге тоқтаған, онда қызметкерлер оны ағылшын тілінде еркін сөйлеп қарсы алды. Қонақты бөлмесіне дейін жеткізіп, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетілгенін атап өтті.

Жарияланған жазбада сапалы сервис – елдің айнасы екені айтылған.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға "Осындайды көргенде, қазақстандықтар үшін мақтаныш сезімі оянады!"

"Міне, біздің жас, білімді ұрпақ! Бүкіл әлем біздің мәдениетіміз бен қонақжайлығымызды білсін!"деген секілді пікірлерін қалдырған.

Көпшілік мұндай мысалдар қазақстандықтарды тіл үйренуге және сервис сапасын арттыруға ынталандыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы