Шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілері шоттарына қатысты ақпарат беруге міндетті – Сенат

10 Ақпан 2022, 10:59
1323
Бөлісу:
Шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілері шоттарына қатысты ақпарат беруге міндетті – Сенат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка құрама штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады.

Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка құрама штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын комитеттің 2022 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің, Сенаттың басқа комитеттері депутаттарының және Аппарат қызметкерлерінің қатысуымен қарап, мынаны атап көрсетеді.

Заң жобасының мақсаттары:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің автоматты түрде ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсетуі арқылы халықаралық салық тәртібін жетілдіру.

2010 жылы Америка Құрама Штаттарында «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» заң қабылданды. FATCA-ның мақсаты АҚШ азаматтарының салық төлеуден жалтаруына жол бермеу болды.FATCA-ға сәйкес АҚШ-тың қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялары бар барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілері болып табылатын тұлғалардың шоттарына қатысты ақпарат беруге міндетті.

Қазақстан Республикасының FATCA нормаларын қабылдауы екі мемлекет азаматтарының салық салудан жалтаруы мәселелерінде АҚШ пен Қазақстанның өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді.

Заң жобасының міндеттері:

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының құзыретті органдары автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді орындау рәсімдерін белгілейтін, FATCA талаптарын сақтаудағы ынтымақтастық және оларды мәжбүрлеп орындату жөніндегі қағидалар мен рәсімдерді айқындайтын келісім жасасуға тиіс. Алмасуға жататын ақпаратты Қазақстанның қаржы мекемелері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының құзыретті органы арқылы автоматты түрде беретін болады. 

Өзгелердің жаңалығы