Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелдік медиа өкілдері студенттерге шеберлік сабағын өткізіп жатыр

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
17 Сәуір 2025, 11:03
595
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. Бүгін форум аясында студенттерге шеберлік сабақтары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды.

Форумның мақсаты – Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.

Форумның екінші күнінде республикалық және Орталық Азия медиа өкілдері мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған шеберлік сабақтары өткізіп жатыр.

Спикерлер қатарында – Ұлыбритания, АҚШ және Ресейден келген танымал сарапшылар бар.

Өзгелердің жаңалығы