Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ қолдауымен ет өңдеу кешенін салу жоспарлануда. Жобаны «Eco Meat Vostok Ltd» компаниясы FinSight Ventures инвестициялық қоры мен Brown & Co ағылшын компаниясының қолдауымен іске асырмақ.
Кешеннің құрылысына қуаттылығы жылына 184 мың тонна болатын құрама жем зауыты, 20 мың басты құрайтын селекциялық-генетикалық ферма, 39 мың тонна ет өңдеуге арналған кәсіпорын, 400 мың бас 3 тауарлық ферма кіреді. Жобаның жалпы құны 2024 жылға дейінгі кезең аралық қаржыландырумен қоса есептегенде 117 млрд.теңгені құрайды.
Кешен роботтандырылған өндіріс қарастырылған заманауи технологиялар бойынша жұмыс істейтін болады. Барлық асыл тұқымды мал Даниядан жеткізілетін болады. Сондай-ақ, өсіру толығымен жабық кешенде жүзеге асырылады, бұл малдың үй және жабайы жануарлармен байланысы болмайды дегенді білдіреді, - деп атап өтті «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.
Инвесторлардың айтуынша, бұл өндіріс толығымен қалдықсыз болады деп жоспарлануда. Қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын цех салу жоспарлануда, олар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тегін негізде ұсынылатын болады.
Сондай-ақ кәсіпорында 2000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Кадрларды іріктеу және орналастыру, бірінші кезекте, жергілікті халық есебінен жүзеге асырылмақ. Жоғары білікті мамандарды алу үшін кадрларды оқыту және қайта даярлау жоспарланып отыр.
Жоба Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне өнім жеткізуге бағытталған. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының аумағында жаңа жоба нысандарын орналастыру Қытайдағы тұтынушылар үшін өнімді жеткізу кезінде логистикалық шығындарды айтарлықтай қысқартады.
Анықтама үшін:
FinSight Ventures - 2012 жылы екі серіктес - Алексей Гарюнов пен Виктор Ремшей құрған венчурлық қор. Аталмыш компания қаржы секторының технологиялық компанияларына халықаралық инвестицияларды тартуға маманданған.
Brown & Co - ауыл шаруашылығы саласындағы консалтингтік қызметтердің жетекші жеткізушісі. Ауыл, коммерциялық және тұрғын үй, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаның барлық спектрі бойынша агенттік, кәсіби және консультациялық қызметтердің жетекші жеткізушісі болып табылады.