Шетелдік хоккейшілер ресейлік командадан кетіп жатыр

5 Наурыз 2022, 02:15
1379
Бөлісу:
Шетелдік хоккейшілер ресейлік командадан кетіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Салават Юлаев» командасыан қорғаушы Филип Ларсен кетіп қалды.

Спортшы уфалық команда сапынан ғана емес, Ресей жерінен кеткенді жөн көрген. «Салават Юлаевтан» осылайша бір емес, бірнеше легионер бірден кетіп отыр.

Бұған дейін финляндиялық қақпашы Юха Метсола,  шабуылшылар Сакари Маннинен, Теэму Хартикайнен, Маркус Гранлунд уфалық ұжымнан іргесін аулақ салған болатын.

Хоккейшілердің неліктен ресейлік командалардан кетіп жатқаны туралы әзірге нақты ресми мәлімет жоқ. Алайда олар Украинадағы соғысқа қарсылық ретінде осындай қадамға баруы мүмкін екендігі айтылуда.

Өзгелердің жаңалығы