Шетелдік байқаушылардың кезекті бағасы

18 Наурыз 2023, 10:42
4536
Бөлісу:
Шетелдік байқаушылардың кезекті бағасы
Фото: автордан

Бұл жайынды пікірді Ресей және Беларусь Одағы парламенттік ассамблея миссиясының бақылаушысы Светлана Любецкая айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің миссия Қазақстандағы сайлау науқанына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бүгінгі таңда миссиямыз жергілікті өкілді органдар мен Мәжіліс сайлауын бақылауға  дайындық үстінде. Миссия өкілдері Астана мен жергілікті өңірлердегі сайлауды бақылауды жоспарлап отыр, - деді Светлана Любецкая.

Байқаушы ОСК тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар тыныш әрі тәртіпті жағдайда өтетінін әрі халықаралық талаптарға сай келетініне үмітте атап өтті. 

Шетелдік байқаушылардың кезекті бағасы

Бұл еркін, әркім өз пікірін айтуға мүмкіндік беретін сайлау. ОСК өткізіп жатқан іс-шаралар қазақстандықтарға өздерінің сайлау құқықтарын толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, – деді Ресей және Беларусь Одағы парламенттік ассамблея миссиясының бақылаушысы.

Қазақстан Республикасы Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық топтың үйлестірушісі Виктор Селиверстовтың айтуынша, сайлаудың жоғары деңгейде өтуі маңызды.

Сайлаудың жоғары деңгейде өтуі маңызды. Біз республикада жаңа сайлау формасы, жеті партия, аралас сайлау жүйесі, кандидаттардың көптігін байқап отырмыз. Бүгін бір мандатқа шамамен 15-16 адам құжат тапсырып жатқанын естідік. Бұл ең жоғары бәсекелестік. Әрине, Парламентке ең лайықты адамдардың сайланғаны маңызды, - деді Виктор Селиверстов.

Еске салайық, 18 науыз сағат 00:00 бастап сайлауға дейінгі бір күн тыныштық басталды.

Өзгелердің жаңалығы