Бұл туралы шет мемлекеттердің байқаушылары Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менде сайлаудың жұмыс барысы туралы оң әсер қалыптасты. Процесті бақылай отырып, Польшада немесе Мажарстанда отырмын деп ойлаған болар едім. Себебі сайлау процесінің өзі ашық және халықаралық стандарттарға сай. Сондай-ақ адамдардың көтеріңкі көңіл күймен жүргендерін байқадым. Шабыттанып, құлшыныспен жүр. Олар өздерінің жарқын болашақтарын айқындау үшін дауыс беретіндеріне сенімдімін. Бүгін дұрыс шешім қабылданады деп сенемін, - деп атап өтті Мажарстан Сыртқы істер және сауда институтының аға ғылыми қызметкері доктор Ласло Ваша.
Ал «Польша-Азия» Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Януш Пехочинский сайлауды демократияның мерекесі деп атады.
Сайлау – демократия мерекесі. Ең бастысы, сайлау соң сайланған кандидат сайлауалды науқаны кезінде берген уәделерін ұмытпай, халықпен жұмыс белсенді жұмыс істеуі – ең маңыздысы, - деді Януш Пехочинский.
Айта кетейік, ҚР шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68, ал ел аумағы бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылған болатын.