Маңғыстауда апатқа ұшыраған ұшақ бұған дейін Түркияда келеңсіз оқиғаға тап болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркиялық Yeni Akit газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, кеше Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының ұшағы 22 желтоқсанда Баку – Трабзон рейсімен ұшқан.
Радардың деректеріне сүйенсек, J2804 нөмірлі рейспен Бакуден Трабзонға қарай бағыт алған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшқыш ұшақты екінші реттен қондырды, - делінген басылым таратқан ақпаратта.
Еске салайық, кеше Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.