Шетелдік алаяқтарға елімізге жол ашып берген қазақстандық ұсталды

19 Желтоқсан 2023, 13:30
7841
Бөлісу:
Шетелдік алаяқтарға елімізге жол ашып берген қазақстандық ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып, республика тұрғындарын алдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен трафиктің және телефондық байланысулардың заңсыз өтуін ұймыдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. 

Тергеу болжамы бойынша күдікті шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға өздерінің қоңырауларын жасыруға мүмкіндік беретін қызметті ұсынған. Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған. Нәтижесінде күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып республика тұрғындарын алдаған. Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, тек соңғы 3 жылда 59 мың интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Салдарынан 43 млрд теңге сомасында залал келтірілген. 

Өзгелердің жаңалығы