Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің Қазақстан Республикасының Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы қабылданды. Онда халықаралық жолаушылар, әуе рейстерімен келетін жолаушыларға қатысты елдердің санаты және шектеу шаралары белгіленген.
|
Санаты |
Елдер |
Шектеу шаралары |
1. |
Бірінші санат |
ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей |
1) термометрия; 2) сауалнама жүргізу.
|
2. |
Екінші санат |
Польша, Өзбекстан, Тәжікстан,
Үшінші санаттағы елдерден жүйелі емес рейстер (эвакуациялық және чартерлік).
|
Қазақстан Республикасына келетін жолаушылар: 1) термометрия; 2) сауалнама жүргізу. 3) ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) болған кезде, анықтаманы алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен жағдайда –шектеусіз; 4) анықтама болмаған жағдайда – келген күнінен бастап (шетел азаматтары үшін) 48 сағаттың ішінде келген жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) тұрғылықты жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру, оның өту міндеттілігі туралы хабарлама немесе 14 күнге үй карантині.
|
3. |
Үшінші санат |
Бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда барлық елдер. |
Жүйелі авиарейстерге тыйым салынған. |
Бұдан бөлек, ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде зертханалық тексеруден өту туралы хабарлама толтырылады. Онда елді мекені, ЖСН, жеке куәлігіндегі мәліметтер, тіркелген мекенжайы жазылады. Жолаушы жеке деректерді өңдеуге өз келісімін береді. Хабарлама мәтіні төмендегідей болады.
Тұрғылықты жер бойынша 48 сағаттың ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуге міндеттенемін. Жеке деректерді өңдеуге келісемін.
Температура немесе өзімді нашар сезіну белгілері пайда болған кезде дереу COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе шетелден келгенім туралы хабарлай отырып, жедел жәрдем шақыру қажеттігі туралы хабардармын.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыретінің шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.
ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім, - делінген хабарлама мәтінінде.