Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелден қанша қазақстандық елге орала алмай отыр?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
7 Қаңтар 2022, 12:40
1338
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қанша қазақстандық шетелден елге қайта алмай отырғаны туралы айтты.

Сыртқы істер министрлігі 24/7 режимінде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Министрліктің орталық аппаратында күнделікті кезекшілік орнатылды. Қазіргі күні шетелде жүрген қазақстандықтар үшін барлық елшілікте жедел желі іске жұмыс істейді, - деді ол.

Шетелден қанша қазақстандық елге орала алмай отыр?

Шахрат Нұрышев шет мемлекеттерден 7,5 мың азаматымыз елге орала алмай отырғанын айтты.

Қазіргі уақытта шет мемлекеттердегі әуежайлар жұмысының тоқтатылуына байланысты қалып қойған азаматтарға барынша көмек беру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, оларды қонақ үйлерге орналастыру, Қазақстанға қайта оралуына көмектесу мәселелеріне баса назарда тұр, - деп толықтырды СІМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы