Шетелдегі этникалық қазақтар мен қандастарға көмек көрсету үшін 2018 жылы «Отандастар қоры» құрылды. Ол шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына, ана тілін сақтауға, елге оралған қандастарды қолдап, шетелде тұрып жатқан қазақ диаспорасымен байланыс орнату бойынша біршама жобаны жүзеге асырып келе жатыр. Қордың алдағы жоспарын білу үшін «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлымен сұхбаттасқан едік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Абзал Сапарбекұлы, Отандастар қорының қазіргі атқарып жатқан жұмыстары қандай?
«Отандастар қорының» екі үлкен миссиясы бар деп айтуға болады. Оның біріншісі 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған кезде конституциялық заң күшіндегі декларациясында 18 баптан тұратын белгілі бапта ҚР шегіненен тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық, мәдени, рухани және тілдік қажеттерін қанағаттандыруға қамқорлық жасайды және олардың мүдделерін қорғайды.
Екінші үлкен миссиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атап өткендей Дүниежүзі қандастарының басын біріктіру біздің қаиетті парызымыз. Яғни бірніші кезекте «Отандастар қоры» бұл шетелдегі этникалық қазақтардың өздерінің ұлттық құндылықтарын, қазақ болмысын оның ішінде тілін, дәстүрін, мәдениетін жоғалтпау үшін қолдан келер бар қолдауды көрсету.
Екінші кезекте Қазақстанға көшіп келемін деген қандастарға азаматтық алуға, бейімделуге байланысты өзін ата-жұртта сіңісіп кету үшін ақпараттық консультациялық қолдау беру. Қордың жұмысына қарайтын болсаңыз, яғни қаржыландыру жағынан болсын 80 % бұл шетелдегі этникалық қазақтарды қолдауға арналған жобалар. Осы тұрғыда біздің бірінші мақсатымыз шетелдегі этникалық қазақтармен жұмыс істеу. Сол елдердердегі қазақтың мүддесін қорғап, ілгерілетіп жүрген ол - қазақ ұлттық ұйымдары.
Қазіргі таңда «Отандастар қоры» әлемнің 40-қа жуық елінде 100-ден астам үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықта меморондумға қол қойылған. Кейбір елдерде ұйымдардың саны өте көп, кейбір елде бірен-сараң. Мысалы Жапония, Корея елдерінде аз. Ресей сияқты елде қағаз жүзінде 100-ге жуық ұйым бар. Іс-жүзінде жұмыс істеп жатқан 70-ке жуық. Яғни Мәскеуден бастап Камчаткаға дейін жалғасады. Әр жерде қазақтың саны әртүрлі. Шеттегі қазақтарды екіге бөлуге болады.
Біреуі өзінің тарихи топырағында, жерінде тұрып жатқан қазақтар. Яғни көршілес ел Ресей немесе Қытай, Моңғолия Өзбекстан бұрыннан бері сол жерде тұрып жатқан осы елдерден басқа елдерге көшіп барған қазақтар сондай-ақ, Еуропадағы кейбір елдерде Түркия арқылы көшіп барған қазақтар. Екінші үлкен аудитория тәуелсіздік жылдарында шетке әртүрлі себептермен жұмыс іздеп, білім іздеп не болмаса басқа да жағдайлармен шыққан жаңа қазақ диаспорасы.
Сондай-ақ, жаңа әрі толық потенциалын қолданбаған аудитория бар. Ол кезінде қазақтың наны мен суын жеп, қазақтың қонақжайлығын көріп өзінің тарихи отанына оралған бұрынғы отандастарымыз. Олардың ішінде орыстар, украиндар, әзірбайжандар, түріктер, поляктар бар. Негізгі қызметіміз шетелден көшіп келуге ниет білдірген этникалық қазақтардың елге келгенге дейін қолғабыс көрсету.
Отандастар қоры өзіне артылған міндеттерді толықтай орындай алып жатыр ма?
Қордың жұмысын қай тұрғыдан бағалағаныңызға сәйкес айтылу керек шығар. Әркімнің талабы әртүрлі. Шетелдегі этникалық қазақтардың талабы өзінің тарихи ата-жұрты Қазақстаннан күтетін өтініш-талаптары бар. Елге көшіп келген қандастардың өзіндік талап тілегін барлығын қосып алғанда бәрінің көңілінен шығып, толық қажеттілігін қанағаттандырып отырмыз деу әрине қиын.
«Отандастар қоры» жас ұйым. Кейбір елдерде мұндай ұйымдардың ұзақ мерзімді тәжірибесі бар. Мысалы Түркия, Әзірбайжан сияқты. Әзірбайжанда министрлік болмаса да агенттік деңгейінде құрылғанына 15-20 жыл болған. Кейбір ұйымдар Қазақстаннан көріп енді ұйым құрып жатыр. Мысалы, Өзбекстан сияқты. Шет елдегі этникалық қазақтар болсын, елге көшіп келген қандастар болсын мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр.
Атап өтетін болсақ, өткен жылдың өзінде әлемдегі қазақ ұйымдарымен 9 онлайн, 16 оффлайн кездесу ұйымдастырдық. Олардың ішінде Парижде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті. Ол жерде жалпы Түркиядан көшіп барған этникалық қазақтардың ұйым басшылары белсенділері, сонымен қатар жаңа диаспораның белсенділері кездесіп өздерін толғандырып жүрген мәселелерді талқылады. Соның аясында түрлі мәдени іс-шаралар, концерттер өтті.
Өткен жылы Өзбекстан, Қырғызстанда қазақ мәдени орталықтарының 30 жылдық мерейтойлары өтті. Сонымен қатар, Ирандағы қазақтардың хал-жағдайын барып, біліп қайттық. Одан бөлек, Ресейдің Астрахань, Омбы, Орынбор қалаларында бірқатар маңызды жиындар өтті. Моңғолиядағы Баян-Өлгейге барып сол жерде қазақтармен кездесіп, Қазақстанға көшу туралы ақпараттар берілді. Өткен жылы шетелдегі Абай үйінің саны 7-ге жетті. Анталияда «Абай үйі» мәдени іскерлік үйі ашылды.
«Отандастар қорының» аясында «Қоржын» деген жоба бар. Сол жоба сырттағы қазақ мәдени ұйымдарына қазақтың ұлттық бұйымдарын шапан, қамзол, кітап, домбыра сияқты 17 елдің 43 ұлттық-мәдени орталығына түрлі сыйлықтар беріліп, 100-ге жуық домбыра табысталды. «Қасиетті Қазақ елі» өнер фестивалі жыл сайын өтеді. Былтыр тарихи Тараз шаһарында өтті. 145 үміткер тіркелді. Соның ішінде озып шыққан 35 жеңімпаз Тараз қаласына келіп, 8 елдің өнерпаздары бақ сынады. 4 номинация вокал, күй-терме, қолөнер, ақындық мүшәйра аталымы бойынша өтті.
Тағы бір маңызды жобамыз «Киелі Қазақстан» жобасы. Өткен жылы жаңадан құрылған Абай облысында өтті. Негізгі мақсаты шетелдегі танымал, белсенді қазақ жастарын Қазақстанға алып келіп тарихи жерлермен таныстыру. Сондай-ақ еліміздегі жастармен таныстырып, пікір алмасу. Тағы бір үлкен жобамыз «Жазғы лагерь» жобасы. Өткен жылы Бурабайда өткен болатын. 10 елден 80-ге жуық қазақ баласы келіп қатысты. Бұл жердегі мақсатымыз шетелдегі қазақ балалары мектепті бітірген соң ЖОО-ны оқу үшін елімізді таңдасын, білсін деген ой болды.
Сонымен қатар онлайн-оффлайн тіл курстарымыз жалғасын тапты. Былтырғы онлайн курсы 4 тілде жүргізілді. А1, А2, В1, В2 деңгейінде парсы, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде курстар өтеді. Онлайн курсқа 800-ден астам адам қатысты. 10 елде оффлайн қазақ тілінде сабақтарымыз жалғасты. Одан бөлек қазақ тілін үйрену бойынша «Достар алаңы», «Speaking club» сияқты ерікті жобаларымыз бар.
Тағы бір біздің маңызды миссиямыз шетелдегі қандас жастарымыздың Қазақстанда ЖОО-да оқуға ықпал ету. Өздеріңіз білетіндей мемлекеттік квотадан 4 пайыз қандастарға арналып беріледі. Былтыр 1776 қандас грант иегері атанды. Сонымен қатар, елде оқып жатқан қандас жастарға қамқорлық көрсетуге тырысамыз. Өткен жылы 10 мың қандас жастарымыздың қатысуымен түрлі қалаларда мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Екінші миссиямыз келген қандастарға ақпараттық қолдау беру. Қызмет көрсету бойынша былтыр осы Астанадағы орталығымыз бен облыстарға 6313 өтініш келіп түсті. Жауап беріп, көмектестік. Қорда шетелден көшіп келеміз дейтіндер үшін арнайы erulik.kz сайтs бар. Бұл Солтүстік облыстардағы барлық жағдайларды түсіндіретін интерактивті веб платформа. Облыстардың картасы, паспорты орналстырылған. Қай жерде қандай мектеп бар, қандай жұмыс табуға болады деген сияқты ақпарттарды біле алады. Басқа да атқарып жатқан іс-шараларымыз көп. Кітап шығару сынды жобаларымыз да жалғасын тауып, Халықаралық ынтымақтастығымыз артып жатыр. Мысалы, Түріксой (Халықаралық Түрік Мәдениет Ұйымы), YTB (ТР Шетелдегі түріктер мен бауырлас қауымдастықтар басқармасы) сияқты ұйымдармен меморандумдарға қол қойылды.
«Отандастар қорының» инвестициялық-экономикалық мүмкідіктерін пайдалану үшін «Kazakh Tourism», «QazTrade» сияқты ұлттық компаниялармен жаңа жобалар бастадық. Телеарнлармен деректі фильм жобаларын жасадық. «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен бірлесе Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдығына орай «Алтайдан-Анадолыға» деректі фильмі түсірілді.
Биыл Алтайдан шыққан көштің Түркияға жетуіне 70 жыл толды. Сол шешімге ұйытқы болған Түркияның премьер-министрі Аднан Мендереске арнайы екі көшенің аты берілді. Яғни Алматы және Түркістан қалаларында. Сол маңызды оқиғағаға байланысты біз арнайы деректі фильмнің тұсаукесерлерін елімізде және Түркияда жасадық. Стамбул қаласында түркия қазақтарының басын қосып, түрік ағайындарға ризашылық ретінде «Отандастар қорының» ұйытқысымен арнайы ескерткіш ашылды. Бір нәрсені атап өту керек. Шетелде меректойлық кездесулер өткізген кезде міндетті түрде сол жердегі қазақ диаспорасының сол елге саяси-экономикалық әлеуемттік, мәдени, өнер саласындағы қосқан үлесі мен рөлі туралы да ғылыми-конференциялар ұйымдастырып тұрамыз.
Жоғарыда аталған жобалар биыл да жалғасын таба ма?
Биыл жобаларда кішігірім өзгерістер бар. Бірақ «Жазғы лагерь» жобамыз жалғасады. Өткен жылы 85 бала алып келген болсақ, биыл 200 бала деп жоспарлап отырмыз. Екі есеге көбейттік. Былтыр жол-шығынын да өтеген едік. Биылдан бастап жол-шығыны төленбейді. Енді жатын-орын, тамақтану, оқу-бағдарламалары секілді дүниелерге төленеді. Мұндай шешімді не үшін қабыладық? 2022 жылы «Жазғы легерь» өте жақсы, табысты өтті. Биылғы жобаға қатысушылар өте көп. Яғни көбірек адамдар қатыссын деп жол-шығын өтеуді алыс тастадық.
Біріншіден бұл жобаға көбінесе, Ресей, Моңғолия, Түрікменстан, Иран сынды елдерден көбірек өтініш білдіреді. Бізге алыс емес елдер. Пойызбен де, автобуспен де жақын. Келулеріне ыңғайлы. Франциядан, Америкадан, Түркиядан қатысатындар болды. Бірақ ол жерден келу өте көп қаражатты қажет етеді. Бірақ сол елдегі ағайындардың жағдайы әлдеқайда жақсы деп ойлаймын. Балаларының осы лагерге қатысуын қалайтын болса ұшақ билетін алып береді деген пікірдемін.
Биыл бағдарлама өте қызықты өтеді. Жоба 200 адамға арналған. 100 орнын конкурстар өткізу арқылы ұтып ала алады. Қазіргі уақытқа дейін 5 конкурс өтті. Домбыра тарту, ән айту, ең үздік фото, ең үздік видео аталымы бойынша өткізілді. Бұл конкурстар жақында аяқталады. Қалған 100 шақыртуды шетелдегі қазақ ұйымдарына таратып бердік.
Ал, «Киелі Қазақстан» жобасы биыл болмайды. Оның орнына біз Қазақстанда шетелдегі ұйым басшылары мен белсенділерін жинағымыз келіп отыр. Мұның мақсаты шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары елімізде болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайды, реформаларды көрсетіп, елдің тыныс-тіршілігімен таныстыру.
Ең бастысы елімізде басқосу арқылы арқылы бір уақытта барлығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болады. Өйткені шетелге барған кезде кейде уақыт болмай, барлығын бір жерде көре алмай қалып жатамыз. Ал елімізде үш күн бойы жеке-жеке сөйлесіп, білу мүмкіндігіне ие болады.
Тағы бір мақсатымыз елімізге келген кезде Қазақстандағы ұлттық құндылықтарға байланысты тың жобалармен таныстыру. Елімізде ана тілін үйрету бойынша қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр, домбыра үйретудің тағы қандай үздік бағдарламалары мен қосымшалары бар, кімдер қазақ ұлттық руханиятына қызмет етіп, қызықты жобалар жасап жүр деген сияқты сауалдарға жауап табады. Есту бір бөлек болса, оны көзбен көріп танысу мүлде басқа. Сондықтан осындай жобаларды қолға алып жатырмыз.
Биыл тағы тың жоба бастадық. Қандастарымыздың ана тілге деген құштарлығын, ұлттық құндылыққа деген махаббатын, намысты ояту үшін домбыра, би, күрес, тоғызқұмалақ, қолөнер шеберлігі сияқты жаңа курстарды аштық. Курстарды өткізетін мұғалімдердің қаражаты «Отандастар қоры» тарапынан төленеді. Америкадан бастап Моңғолияға дейін осындай 20 курс, көпшілігі Ресей елінде ашылды. Қазіргі таңда шетелде қазақ тілі курстарына сұраныс көп емес. Оның бірнеше себептері бар.
Бірінші кезекте мектептегі оқу-бағдарламасының өте күрделі болуы, бос уақыт таба алмайды. Ал енді біз ұсынып отырған жобалар, курстар сенбі-жексенбі күндері өтеді. Яғни ойын-сауықтық мақсатында жүреді. Мысалы, би билеп жүріп, қазақтың әнін естиді. Қазақ тіліне жатық болады. Тоғызқұмалақты ойнап отырған кезде қазақтың сөздерін үйренеді. Бір жағынан тоғызқұмалақтың қандай керемет ойын екенін сізініп, қазақтың ұлттық санасына бір қадам болса да жақындайды. Домбыра айтпаса да түсінікті.
Тағы бір жобамыз, бұрын-соңды Қазақстанда жарық көрмеген шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын және шетелдегі қазақтардың тарихы туралы кітаптарды басып шығару. Қазіргі уақытта конкурс жалғасып жатыр. Мамыр айының соңына дейін кез-келген адам ұсыныс бере алады. Бұл жобаға 5 кітап, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен тағы 5 кітап, яғни 10 кітапты басып шығаруды жоспарлап отырмыз. Егер тағы демеушілер табылып жатса одан көп болады.
Тағы бір үлкен жобамыз Мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде шетелдік этникалық қазақтар мен отандастарымызға арнап өзара диалогты дамыту тұрғысынан жаңа интерактивті веб-платформа іске қосылып жатыр. Оның атауы «Qazalem» деп аталады. Оның операторлық міндеті біздің қорға жүктеліп отыр. Веб-платформаның екі миссиясы бар.
Біріншісі шетелдегі отандастарымызға ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, яғни елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізу. Екіншісі шетелдегі отандастарымыз Қазақстанға қалай пайдалы бола алады, біз оларға қалай пайдалы бола аламыз, олармен қандай ортақ жобаларды жүргізе аламыз соны веб-платформа арқылы алмасу.
Қазіргі уақытта қандастарымыздың елге көшіп келу қарқыны қандай деңгейде?
Көш деген үлкен мәселе. Бір мәселенің басын ашып айту керек. Отандастар қорында елге келген қандастарды бір жұмыспен қамтамасыз ету немесе тұрғын үй беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша өкілеттік жоқ. Бұл негізінен жергілікті органдар мен министрліктердің құзырындағы жағдай. Біздің қор тек қана осы көмектерді алу бойынша ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Немесе олардың осындай мәселелермен бетпе-бет келгенде шешуге көмектеседі. Сондықтан біздің басты міндетіміз консультация беру.
Осы уақытқа дейін Қазақстанға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралған. Ресми мәліметтер бойынша, 2022 жылы барлығы 19 178 этникалық қазақ атамекенге қоныс аударған. 2021 жылмен салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, қандастар көші 9%-ға артқан (2021 жылы 17 540 қандасымыз көшіп келген). Өткен жылы қандастар Өзбекстан Республикасынан – 12 104 (63,1%), Ресей Федерациясынан – 2 003 (10,4%), Түрікменстаннан – 1 677 (8,7%), Қытай Халық Республикасынан – 1 651 (8,6%) және тағы да басқа елдерден келген.
Биылғы жылдың басынан бері 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Биыл алғаш рет өткен жылы қабылданған көші-қон концепсиясына сәйкес «Бір терезе» қағидаты іске қосылды. Негізгі мақсаты шетелден келетін қазақтарға қандас мәртебесін беру. Қандас мәртебесі азаматтыққа бір қадам жақындау. Қандас мәртебесі арқылы баласын мектепке бере алады, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Заң аясында 3 ай мен 6 айдың немесе 1 жылдың ішінде азаматтығын алуға болады. Сол процедураны «Бір терезе» қағидаты бойынша шетелден бастап отырмыз.
Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде қандас мәртебесін келмей жатып сол жақта рәсімдеуге болады. Кейде елге келгеннен кейін кейбір құжаттар сол елінде қалып қояды. Сондықтан қайтадан бару, күту керек болады. Сол себепті сол жақта жүрген кезде құжаттарының барлығын тапсырып, елшіліктен қандас мәртебесін алып Қазақстанға келген соң тікелей азаматтыққа тапсырады. «Бір терезе» қағидатына жауапты Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар қоры» болып белгіленді. Біз оның алғашқы пилоттқ жобасын Түркменстаннан бастадық. Қазіргі сол жақтан көшіп келетін қандастарымызға қандас мәртебесі мен визалар беріле бастады.
Тағы бір осы көші-қон мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бірі биыл Моңғолиядан 687 адам, яғни 142 отбасы қазіргі таңда көшіп келуге өтініш білдіріп отыр. Соның 30-ға жуық отбасы келді. Олардың басым көпшілігі солтүстікке көшуді ұйғарып отыр. Біз соларға байланысты арнайы уатсап чатын құрдық. Ол жерде барлық мәліметтер көлікті тіркеуден бастап, қай аудандарда қандай мүмкіндіктер бар екені жазылып отырады. Қандастар кез-келген уақытта 1404 номеріне хабарласып ақпарат алуына болады. Арнайы оқудан өткен операторлар сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда веб офиске жүгіне алады.
Жақында құрылтай өтеді. Қандай нәтиже күтеміз?
Өткен жылы Франция елінің Париж қалсында өткен құрылтайдың ерекшелігі Түркиядан көшіп барған этникалық қазақтардың емес, жаңа диаспора өкілдері басшыларының қатысуы. Ең басты нәтиже осы деп қабылдау керек. Осы уақытқа дейін Еуропада құрылтайлар Франция мен Германия яғни екі елде өткізіліп келген. Оның себебі бар. Өйткені көбінесе қазақ диаспорасы осы елде шоғырланған. Басқа елдерде диаспораның саны аз.
Еуропа қазақтарының ассосациясы деген ұйым болады. Бұл ассосация соңғы 2-3 тіркеле алмады. Өйткені әрбір елдің тіркеу жұмысы әртүрлі. Сондықтан біз жылына 1 рет немесе 2 жылда бір құрылтай өтетін болса ассосацияның төрағасын ауыстырып жүресіздер ме, бұл белгілі бір жұмысты қажет етеді. Одан да құрылтай кеңесін құрыңыздар.
Келесі құрылтай қай елде өтетін болса, сол елдің ұйымы сол құрылтайдың төрағасы болсын, дедік. Сондықтан өткен жылы ұсыныс бойынша Германияның Кельн қаласы бекітілді. Құрылтай кеңесі құрылды. Яғни құрылтай өткізуге байланысты ұйымдар бірлесе отырып әрекет етеді. Бұдан кейінгі құрылтайларда сол елде өтізіп жатқан ұйымның қаржылық шығындануын емес барлығының бірдей немесе шама-шарқы келгенше жарнасын төлей отырып көтеру.
Шын мәнінде басқа елдерде Дания, Испания, Ұлыбритания сынды елдерде неге өткізгісі келмейді? Өйткені ол жерлерде қазақ отбасыларының саны. Шығынды көтере аламай қалуы мүмкін. 1500-2000 адам барады. Жатын-орын, тамақтану сынды қызметтердің барлығын көп қаражат қажет. Биыл алғаш рет қиын болса да, Кельн қаласында іске қостық. Ұйымдар жарнасын төледі. Азаматтар қолдау көрсетті. Бұндай тәжірибе жақсы жүзеге асып жатса, келесі жылы құрылтай тек осы екі елде емес басқа елдерде де өтеді.
Биыл Кельн қаласында өтетін құрылтайда Еуропадағы қазақ ұйымдарының басшылары бетбұрыс кезеңінде отыр. Қазіргі ұйым басшылары 70-жылдары көшіп барған қазақтардың өкілдері, балалары. Олардың жастары 50-60-қа жақындап қалды. Қазіргі басшылықты енді жастарға берсек деген ой бар. Өкінішке қарай жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы өздерінің аталары мен әкелерінікі сияқты емес. Сондықтан өз замандастары жастармен жұмыс істеу керек. Ұйымға осы бастан ие болу қажет.
Алғаш рет Еуропадағы белсенді қазақ жастарының этникалық қазақтар арасынан шыққандармен басқосу өткізіп жатырмыз. Бұл жерге ең белсенді, өз саласында белгілі бір дәрежеге жеткен, бизнес немесе мемлекеттік қызмет, ғылым саласында жетістікке жеткен жастардың басын қосып жатырмыз. Олар Еуропаның әр түкпірінен келген 50-60 шақты жастар.
«Еуропадағы қазақтардың бүгіні, ертеңі» тақырыбы аясында әңгіме қозғап, ұсыныс пікірлерін айтады. Қалғаны дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шаралар. Спортық турнирлер мен сайыстар, этно-дизайндық мастер-класстар, танымал қазақ топтары мен әншілерінің «ТURAN» этно фольклорлық тобының, Қайрат Нұртас, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.Елімізден 150-ге жуық адам барады. Жалпы құрылтайда 1500-ға жуық қазақтар бас қосады.
Сұхбат бергеніңіз үшін рақмет!