Шетелде тұратын ел азаматтары президент сайлауына қалай қатысады?

22 Қазан 2022, 15:19
1960
Бөлісу:
Шетелде тұратын ел азаматтары президент сайлауына қалай қатысады?

Қазақстан азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президенттің 21 қыркүйектегі №1019 Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскелері құрылды. 

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. 

ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңның 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз, - делінгін СІМ таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы